spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
25.2 C
Kokshetau

Ақмолада биылғы шомылу маусымында 32 адам суға батып кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев журналистермен өткен брифингте өңірде шомылу маусымының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Департамент басшысының орынбасары айтуынша, суға шомылу маусымы басталғаннан бері жүргізілген алдын алу жұмыстарына қарамастан құтқарушылар 80 адамның өміріне араша түскен, оның ішінде 11 бала. Сонымен бірге, 32 адам ажал құшса, оның 7-і кәмелетке толмағандар.

«Жыл сайын шомылу маусымы басталғанға дейін рұқсат етілмеген жерлерде тыйым салынған белгілер орнатылады, бірақ қала тұрғындары оны елемей, өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Суда адамдардың қаза болуымен тіркелген оқиғалардың негізгі саны демалыс және мереке күндеріне келеді, онда 20 адам қаза болды, жалпы санының 62 пайызын құрайды», – дейді Қанат Доспаев.

Департамент басшысының орынбасары атап өткендей, шомылу маусымы аяқталғанына қарамастан, департамент су айдындарында адам өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жалғастыратын болады.

«Сонымен бірге, күзгі кезеңнің басталуымен аң аулау және балық аулау маусымы басталады. Осыған байланысты су қоймаларында балық және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі негізгі ережелерді жеткізгім келеді. – Судың шетіне жақындағанда абай болу керек. Жағалаудан күтпеген жерден құлап кетуі мүмкін», – деп түйіндеді дейді Қанат Доспаев.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика