spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында тұрғын үйлердің заңсыз берілгені анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер бөлу кезінде заң бұзушылықтарға жол беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды  облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, прокурорлық тексеріс облыстың барлық аудандарын қамтыды. Көкшетау қаласында бюджеттік ұйымның қызметкері 2017 жылы мемлекеттен алған пәтерді үшінші тұлғаларға жалға беретіндігі анықталды.

«Көкшетау қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған тұлға пәтерден көшіріліп, пәтер көп балалы отбасына берілді. Астрахан ауданында 2017 жылы бюджеттік ұйымның қызметкеріне мемлекет қорынан пәтер ұсынылған болатын. 2020 жылы қызметкер өз атына бұдан басқа пәтерді мұра ретінде қабылдағаны анықталды. Бүгінгі таңда мемлекет қорындағы пәтер 11 жыл кезекте тұрған жетім балаға берілді», – деді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, тексеру қорытындысы бойынша мемлекетке 20 пәтер қайтарылды.

«Жақын арада пәтерлер қайта бөлінеді және бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады», – деп толықтырды ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img