spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Әскери қоймада болған өртке қатысты Қорғаныс министрлігі ресми түсінік берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған өртке қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі ресми түрде түсіндірме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шыққан әскери бөлім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді. 2016 жылдан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін әскери бөлімнің командирі Серік Байсақалов болған. Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Серік Байсақалов 48 жасқа толғанда Қарулы Күштердің қатарынан запасқа шығарылды. Байсақалов нақты 2021 жылдың 29 шілдесінде бөлімнің тізімінен алынды.

Маусым айында өңірлік қолбасшылықтың комиссиясы бөлімнің штаб бастығы майор Аслан Бақытжановқа командирдің істері мен лауазымын уақытша атқаруды тапсырды. Бұл жөнінде бөлім командирінің 2021 жылғы 21 маусымдағы №109 тиісті бұйрығы бар. Қазіргі кезде құзыретті органдар штаттық бөлім командирін тағайындау мақсатында жасалатын тексеру процедурасы мен кандидатқа арнайы рұқсат беру рәсімін жүргізуде», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, өрт басталысымен әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру командасы өрт сөндіруші есептоптар келгенше тез арада оны оқшаулауға кіріскен және Жамбыл облысының ТЖД-ға хабарлаған.

«Бұдан әрі Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығы бойынша бекітілген өрт сөндірудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес, өрт сөндіруге келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымындағы адам оған тікелей басшылық етеді. Өрт сөндіру басшысы осы міндеттерді орындауға қатысатын жеке құрамды, сондай-ақ өрт сөндіруге жұмылдырылатын күштерді басқаруға өкілеттілік беріледі», – делінген хабарламада.

Ол үшін ТЖД-ның өрт сөндіру қызметінде елдімекенде болған өрт кезінде қауіпті барлық объектілер туралы мәліметтер болуы тиіс екені айтылды.

«Байзақ ауданындағы үйлердің аулаларының бірінен табылған оқ-дәрілердің қалдықтарына қатысты: Қорғаныс министрлігі пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық ұйымы – «Қазтехнология» акционерлік қоғамына береді. Содан кейін «Қазтехнология» АҚ оқ-дәрілерді өндірістік кәдеге жарату, олардың құрамындағы жарылыс қаупі бар заттарды алу және оларды жою процесін жүргізеді. Осыдан кейін ғана оқ-дәрілердің сынықтары электрондық gosreestr.kz. сауда алаңы арқылы осыған уәкілеттік берілген «Қазтехнология» АҚ арқылы сатуға шығарылады. Табылған снарядтардың қалыптары мен оқсауыттары – бұл оқ-дәрілерді кәдеге жаратқаннан кейін алынған және электрондық сауда алаңы арқылы жеке кәсіпорынға сатылған металл сынықтары. Олар қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл металл сынықтарын «Бақтияр-Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылғы наурыздың соңында Түркістан облысы Арыс қаласындағы «Қазақтехнология» АҚ металл сынықтарының қоймасымен жасалған шартқа сәйкес сатып алған», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство Арыс қаласынан Жамбыл облысындағы қоймаға артиллерия оқ-дәрілері – снарядтар, зымырандар тасымалданбағанын атап өтті.

«Арыс қаласынан Жамбыл облысындағы қоймаға бұрынғы өрттен аман қалған инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі ғана жеткізілді. Өйткені бұл қоймада да осындай оқ-дәрілер түрі сақталады.

Бұл қоймада артиллерия оқ-дәрілері сақталмайды», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img