spot_img
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
-9.8 C
Kokshetau

Президент жолдауын тыңдауға еліміздің әрбір азаматы құштар

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауын ықаласпен тыңдадық. Бүгінгідей әлемді індет жайлап, неше түрлі саяси қақтығыстар, табиғат қыспағы көбейген мазасыз кезеңде өз Президентіміздің Жолдауын тыңдауға еліміздің әрбір азаматы құштар деп түсінемін.

Президент Жолдауы өзінің шынайылығы, ел тұрғындарына қамқорлығы, қолдауымен ерекшеленді. Тек қана жетістіктеріміз ғана айтылған жоқ, кемшіліктеріміз де алға тартылды. «Ауруын жасырған- өледі» демекші, елдің мұң-мұқтажының ашық айтылуы, өмірдің кемшін тұстары мен жағдайдың анық-қанығын терең білу оны түзетуге бастайды. Мені аса алаңдатын – пандемия, етектен алып, әлі толас таппаған індет. Президент осы мәселені ашық айтты және онымен күреске Ұлттық қордан 1 триллион қаражат бөлінуде екенін жеткізді. Біз бәріміз індетпен күреске түсті қарамай, Президент бастамаларын қолдап, ұлт болып ұйысуға тиіспіз. Сонда ғана індеттен арыламыз.

Жолдауда тұрғындар қамы жан-жақты айтылған «Азаматтардың әлеуметтік әл-қуаты – басты басымдық» деген бөлім бар. Онда айтылған жақсы жаңалықтар үшін қуаныштымыз. Жалпы, Жолдау мазмұнына дән ризамыз.

Серік Жетпісқалиев,

ақын, «Көкшетау» газетінің бас редакторы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмасы бойынша Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынуда

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетауда көпфункционалды спорттық-мәдени кешеннің құрылысы аяқталуда. Үкімет осы мақсаттарға Арнаулы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика