spot_img
Сенбі, Сәуір 5, 2025
7.2 C
Kokshetau

Ақмолада ұлттық парк аумағында алапат өрт тұтанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің территориясында үлкен өрт болды, деп хабарлайды «Aqmola News» облыс департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 25 тамыз күні 15.48 шамасында Зеренді ауданының Айдабол ауылынан небары 6 шақырымда ұлттық парктің Грибновский орман шаруашылығының орманды аймағында 7 гектар алқапта тұтанған.

«Тілсіз жау кешкі 18.50-де ауыздықталғанымен толықтан сөндірілген жоқ. Қазір өрт толықтай бақылауға алынған. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 51 қызметкері мен 5 техникасы, «Көкшетау» МҰТП-ның 3 техникасы мен 23 қызметкері, сондай-ақ Айдабол спирт зауытының, «Викторовское» ЖШС-нің және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұланды ауданында су тасқыны жағдайына байланысты облыстық жедел штаб жұмыс істеуде

Бұланды ауданында су тасқынына байланысты облыстық жедел штаб ашылды. Штабтың төрағасы облыс әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img