Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр. Аталған елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Сыртық істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан барлық тараптарды ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады.
«Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз. Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс»,-делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kr-sim-auganstandagy-zhagday-boyynsha-malimdeme-zhasady_a3825823