spot_img
Жұма, Тамыз 28, 2026
16.2 C
Kokshetau

Жыл басынан бері 10 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды

Сондай-ақ...оқыңыз

1 тамыздағы жағдай бойынша 10 398 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 80,7 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,4%) Өзбекстаннан, 10,1% – ҚХР-дан, 6,4% – Түркіменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,6% – басқа елдерден келгендер.

Тарихи отанына оралғандардың дені Алматы (29,8%), Түркістан (14,2%), Маңғыстау (18,4%) және Жамбыл (8,3%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,6%) қаласына қоныстанды.

Тамыздағы жағдай бойынша, отанына оралған қандастардың 55,4%-ы еңбекке қабілетті жастағылар, еңбекке қабілетті жастан кішілері – 26,2%, зейнеткерлер – 18,4%.

Еңбекке қабілетті жастағылардың 11%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 45,6%-ы жалпы орта білімді және 3,8%-ның білімі жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зерендіде Ақмола облысының волонтерлер лагері өтті

Зеренді ауданында «CHANGEMAKER CAMP: «Өзгеріс өзіңнен басталады» атты Ақмола облысы волонтерлерінің лагері өтті. «Парус» демалыс базасында облыстың қала-аудандарынан келген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика