spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
25.2 C
Kokshetau

Елжан Біртанов: Жазда эпидемия басылмайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа қатысты болжамымен бөлісті, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

«Өзге елдердің тәжірибесіне сүйеніп, вирус жұқтырудың негізгі кезеңі сәуірдің ортасы мен мамыр айлары, жалпы эпидемияның шарықтау шегі сәуірдің бірінші жартысы болады деп айтуға болады. Ол кезеңде шамамен 3500 науқас болады деп ойлап отырмыз», – деді министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Денсаулық сақтау министрі карантин шараларының арқасында коронавирус инфекциясының таралуы 52 пайыздан 12 пайызға дейін төмендеген.

«Алдағы таңда, жаз мезгілінде эпидемиологтар вирус қарқынды төмендеуі мүмкін екенін, бірақ эпидемия толығымен жоғалып кетпейтінін айтады. Сарапшылар эпидемия күзде қайталануы мүмкін екенін болжап отыр», – деді Елжан Біртанов.

Вирустың таралу қаупінің көбейетіні туралы түрлі болжамдардың айтылуынан алдын алу үшін елімізде  3920 төсек-орын мен вирусты жұқтыруы мүмкін деген күдіктегі адамдарға 7300 орын дайындалған. Сонымен қатар, ауыр жағдайдағы науқастарға 170 жасанды тыныс алдыру аппараты мен 38 қанның экстракорпоралды мембраналық оксигенация аппараты бар 180 орын дайындалған.

«Алайда науқастар орта есеппен ауруханада 3-4 апта жататынын және вирус жұқтырғандар саны өсуі мүмкін екенін ескерсек, бізге әлі де қосымша орындар қажет», – деді министр.

Coronavirus2020.kz соңғы деректеріне жүгінсек елімізде вирус жұқтырғандардың саны 551-ге жетіп, 36 науқас жазылып, алты адам қайтыс болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика