spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтардан көмек сұрады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл ауа райының қолайсыздығы мен оның салдары оңай болмай тұр. Қазақстанның бірқатар өңіріндегі ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті. Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету туралы үндеу жасап, халықты көмек беруге шақырды.

«Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің бір күндік жалақысын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді.

Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады», – делінген үндеуде.

Қолдау көрсетемін деушілер үшін тиісті реквизиттер сілтемеде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img