Қазақстанда өткен тәулікте 6925 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz порталы.
Вирус жұқтырғандардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының тұрғындары. Аймақтар бойынша жағдай төмендегідей:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 1531
- Алматы қаласы – 1250
- Шымкент қаласы – 421
- Ақмола облысы – 210
- Ақтөбе облысы – 191
- Алматы облысы – 220
- Атырау облысы – 430
- Шығыс Қазақстан облысы – 312
- Жамбыл облысы – 137
- Батыс Қазақстан облысы – 197
- Қарағанды облысы – 920
- Қостанай облысы – 213
- Қызылорда облысы – 150
- Маңғыстау облысы – 267
- Павлодар облысы – 225
- Солтүстік Қазақстан облысы – 134
- Түркістан облысы – 117
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 549 628 адамға жетті. Олардың 457 098-і емделіп шыққан.