spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
27.2 C
Kokshetau

Ақмолада 400-ден астам ауыл мұғаліміне қосымша жалақы төленбей келген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы прокуратурасы бірқатар аудандарда ауыл мұғалімдерінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы алмай келгенін анықтады.

Үкімет қаулысы бойынша, базалық қызметтік жалақыға 40%-дан 50%-ға дейін қосымша жалақы төленуі тиіс. Алайда, Жарқайың ауданында 180 ауыл мұғалімі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін үстемақы алмаған. Аудан педагогтары алдындағы берешектің жалпы сомасы 11 млн теңгеден асқан.

«Аудан прокуратурасының актісі бойынша берешек толық көлемде төленді», – дейді облыстық прокуратура.

Айта кету керек, прокурорлар осындай жұмыстарды Ақмола облысының басқа аймақтарында да жүргізді. Степногор қаласында екі жыл ішінде 120 педагогке 9 млн теңгеден астам жалақы төленбеген. Аршалы және Егіндікөл аудандарында 100-ден астам мұғалім 2 млн теңгеге жуық қосымша жалақыны алған жоқ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика