spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

16 маусым күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

16 маусым күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ күтіледі. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жекелеген өңірде екпінді жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батыс жағалауында түнде және күндіз тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз таулы аудандарында дауыл, бұршақ болжанады.

Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен бірге көтеріліп, күші 15-23 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында сондай-ақ дауыл тұрады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Сонымен қатар Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында, Жамбыл Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика