spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Қорғалжындық жауынгерлердің сүйегі 79 жылдан кейін елге жеткізіліп, қайта жерленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы Даңқ мемориалында Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары Камен Жұманов, Төлеубай Жұмабеков және белгісіз жауынгерге әскери құрмет көрсетуге арналған «Ерлікке тағзым» естелік акциясы өтті, деп хабарлайды Ақмола облыстың ішкі саясат басқармасы.

Тағылымды шараға аймақ Ермек Маржықпаев, Ресей Федерациясы Елшілігінің, «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ қаза тапқан жауынгерлердің туыстары қатысты.

Аймақ басшысы өз сөзінде іздестіру тобына алғыс айтып, аталған акцияның өскелең ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.

«Біз қазір Отанымызды фашизмнен қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің жауынгерлік ерліктерінің мысалдарын жаңа ұрпақтың жадында сақтау үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. 90 мың ақмолалықтың 37 мыңнан астамы соғыстан оралды. Біз 500-ден астам қазақстандық батырлардың арасында Ақан Құрманов, Александр Герман, Николай Сергиенко сияқты жерлестеріміздің барын мақтан тұтамыз», – деп атап өтті Е.Маржықпаев.

Айта кетейік, 4 жыл ішінде Степногорск қаласының «Поколение» және «Көкше-іздестіру» жасағының іздеушілері соғысқа қатысқан 200-ге жуық адамның мәйітін тауып, жерленген орындарын анықтады. 1942 жылы 21 ақпанда Қорғалжын аудандық әскери комиссариаты шақырған Ақмола облысының тумалары Камен Жұманов пен Төлеубай Жұмабековтың сүйектері ағымдағы жылдың сәуір айында Тверь облысы Ржев қаласының аумағында Мәскеу қаласының «Пионер» іздестіру жасағымен табылды. Үшінші жауынгердің қалдықтарын анықтау мүмкін болмады.

Митингтен кейін сарбаздардың сүйегі туған жері Қорғалжын ауданына қайта жерлеуге жіберілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img