spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолада 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Мектептен шыққан бір топ бозбала ауыл жанындағы Қызылқұм су қоймасына суға түсуге барған. Өкінішке орай 17 жастағы бір жасөспірім суға батып ажал құшты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Қайғылы оқиға 5 маусым күні болған. Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне аудандық аурухананың фельдшері телефон шалыпты. Оның айтуынша аурухананың жансақтау бөлімінде 17 жастағы жасөсіпірім көз жұмған.

         «Анықталғанындай дәл осы күні бір топ бозбала мектептен шыға сала жергілікті Қызыл Су су қоймасына тартқан. Суға шомылып жатқанда 2004 жылы туған кәмелет жасына толмаған бала суға батып кетіп қаза болды. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша жасөспірімнің өлімі «Өкпесіне су тиюден механикалық асфиксия» салдарынан болғаны белгілі болды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Полицейлер тағы бір мәрте тұрғындарға су қоймаларында жеке қауіпсіздік шараларына баса мән беру, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді жағажайлар мен су қоймаларында қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салды.

         «Жағажайдан алысқа ескертпе белгілерден арықарай асып барып суға түспеу ұсынылады. Тек арнайы жабдықталған орындары бар су қоймаларында түсу қажет. Көп жағдайларда қайғылы оқиғалар азаматтардың су қоймасының жанында жүрген кезде жеке қауіпсіздік шараларына мән бермеуінен туындайды», – деп атап өтті полиция департаментінен.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img