spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Тоғыз күн бұрын хабарсыз жоғалған әйел ауылға аспаз болып орналасыпты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қорғалжында осыдан тоғыз күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен әйел бірнеше күннен соң аспаз болып жұмыс істеп жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Туыс-туғанына еш хабарламастан ұшты-күйлі жоғалған Солтүстік Қазақстан облысынан келген әйелді қос облыстың полициясы бірлесіп іздеген.

» Петропавл қаласы полицейлері ұсынған бағдар бойынша жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылған. 26 мамыр күні Қорғалжын ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 28 жастағы әйелдің тұрған жерін анықтады. Ол Қоржынкөл ауылында жүрген жерінен табылды. Әйелдің айтуынша ол таныстарының ұсынысы бойынша Қоржынкөл ауылындағы жергілікті шаруашылық серіктестігіне аспаз болып орналасқан. Полиция қызметкерлеріне серіктестіктің беретін жалақысына қызығып қалып қойғанын айтқан», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Естеріңізге сала кетсек 20 мамыр күні Петропавл қаласы полициясына жоғалған әйелді табу үшін жәрдемдесуге әйелдің туыстары жүгінген. Әйел ешбір туыстары мен жақындарына өзінің қандай себеппен кеткенін хабарламаған. Әйел бұл қылығы туралы полицияға еш жауап бермеген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 27 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Биылғы жылдың тоғыз айында Ақмола облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 932 өтініш түсті. Бұл туралы брифинг барысында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика