spot_img
Дүйсенбі, Қаңтар 19, 2026
-19.8 C
Kokshetau

Станционный кентінде жаңа мешіт бой көтермек

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласына жататын «Көкшетау-2» атанып кеткен Станционный кентінде жаңа мешіт салынады. Бұл туралы «Aqmola News» ақпарат агенттігі Nasihat.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Станционный кенті іргелі елді мекендердің бірі саналады. Мұнда бір кездері әкімшілік үйі болған ғимарат мешіт ретінде пайдаланылып келген еді. Дінге бет бұрушы жамағаттың көбейіп келе жатқанына орай жаңа мешіт салуға бастама көтерілді. Жергілікті кәсіпкер мешіт құрылысын салуды өз мойнына алып отыр.
Жақында Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы бастаған дін қызметкерлері жаңа мешіт салынатын орында болып, кеңесу шарасын өткізді.

Енді ескі мешітке пайдаланған ғимарат толықтай сырылып, орнына жаңа дін үйі салынбақ. Осы жағымды жаңалықтың куәсі болған дін қызметкерлері жаңа мешіттің салынуына дұға тілеп, құрбан шалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президентке Жұмыс тобының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика