spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
12.7 C
Kokshetau

Көкшетауда 4 жастағы қыз бала терезеден құлап кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда тағы бір бала ашық тұрған терезеден құлап кетті. Жыл басынан бері Ақмола облысында бұл төртінші оқиға болып отыр, деп хабарлайды «Aqmola News».
Оқиға 20 мамыр күні кешкі жетілер шамасында болған. Көкшетау қаласы полиция басқармасының хабарласқан тұрғын МПС көшесі 28 мекенжайындағы екінші қабаттың терезесінен кішкентай баланың құлап кеткенін хабарлаған.

«4 жасар қыз бала 10 жастағы ағасымен үйде қалған. Бұл кезде балалардың ата-анасы емханаға кетіпті. Ағасы жуыну бөлмесінде болған кезде қарындасы терезеге шығып, байқаусызда құлап кеткен. Абырой болғанда қыз аман қалды. Денесінде сынықтары мен көгерген жері жоқ. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Полиция қызметкерлері мұндай оқиғалардың ата-аналардың немқұрайдылығынан туындайтынын тағы бір мәрте ескер салды.

«Құрметті ата-аналар, егер балаларыңыз болса, терезелерді ешқашан ашық ұстамаңыз. Баланың терезе үстіне шығуына жол бермеңіз. Терезелердің алдында барлық жиһазды алып тастау керек. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар»,-дейді полиция қызметкерлері.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесті

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті – Биыл ауа райы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика