spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 29, 2024
13.4 C
Kokshetau

БҚО-да автокөлік жылқыға соғылып, бір отбасының 3 адамы көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыға соғылып, бір отбасының үш адамы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 16 мамыр күні сағат 22.30 шамасында Ақжайық ауданы аумағында болды. Орал-Атырау жолының 75-шақырымында Алғабас ауылы тұсында 1967 жылғы жүргізуші айдаған «ВАЗ-21113» автокөлігі екі жылқымен соғылған. Жол апаты салдарынан салдарынан жүргізушіге қоса оның 85 жастағы анасы мен 13 жасар ұлы оқиға орнында көз жұмды. Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ түрлі жарақат алған 61 және 50 жастағы әйелдер Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ауруханаға түскен екі адамның жағдайы орташа. Оқиға орнында ТЖ және полиция департаментінің қызметкерлері жұмыс жасады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Студенттерге ашық есік күні өтті

Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК филиалының қабырғасында ашық есік күні өтті. Жоғары техникалық колледж...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img