spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.5 C
Kokshetau

Жарқайыңда «Нұрлы жер» арқылы баспаналы болған тұрғындардың қатары артып келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтер кезегінде тұрғандар мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспаналы болуда, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ауданында  өткен жылдың соңында аудан орталығы Державинск қаласындағы «Молодежный» шағынауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртылды. Күрделі жөндеу жұмыстар барысында үйдің шатыры жаңартылып, пластикалық терезелер орнатылды, қасбеті жылу өткізбейтін материал және металлосайдингпен қапталды,

«Бағдарламаның арқасында 3 көп балалы отбасы, 17 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған бала және 40 халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адам пәтер алды. Қазіргі таңда Жарқайың ауданында мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінде 370 адам тұр», – дейді аудан әкімдігіндегілер.

Айта кетсек, соңғы 13 жылда аудан орталығында 10 көппәтерлі үй қалпына келтіріліп, 396 пәтер кілті тапсырылды. Оның ішінде 19 – қызметтік, қалғаны халықтың осал топтарына, сондай -ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен медицина қызметкерлеріне берілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img