spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
22.2 C
Kokshetau

Көкшетаулық оқушы көлік ұрлаудың алдын алуға болатын ерекше жүйе ойлап тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Асылхан Қали өз жұмысына авторлық куәлік алды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Асылхан өзге де ұлдар секілді көліктерді жақсы көреді және оған қатысты тақырыптарға қызығады. Ал, Қазақстанда машина ұрлау фактілерінің жыл сайын артып келе жатқанын білгенде, «Көлік иесінің сәйкестендіруімен ұрлыққа қарсы жүйе» атты жобаны қолға алуды жөн көріпті.

Асылханның айтуынша, жобаны әзірлеу бірнеше айға созылған. Одан кейін 1 жыл ішінде толықтырулар мен өңдеу жұмыстары жүргізілді.

«Көлік ұрлау мәселесінің шешілуіне өз үлесімді қосқым келеді. Менің жобам бойынша көлік иесі және сенім артылған тұлғалар сканерге саусақ іздерін жақындату арқылы-ақ, оны ашып, қозғалтқышын іске қоса алады. Бұл жобаның басты артықшылығы оның қауіпсіздігі мен сенімділігі. Есеп бойынша бұл қарапайым ұрлауға қарсы жүйелерден ондаған есе артық болмақ»,-дейді Асылхан.

Жобаның мақсаты Raspberry Pi микросхемасының негізінде және саусақ іздерін тану арқылы автомобильді ұрлап кетудің алдын алатын жүйе құру болатын.

Жоба автокөліктің ұрлануынан және балалардың тұтану кілтін кездейсоқ пайдалануынан сақтауды қамтамасыз етуге ең жақсы нұсқа. Қазіргі таңда, машинада ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршіндердің көлікті тұтандырғыш кілтімен іске қосатын жағдайлар, өкінішке орай, көптеп кездеседі. Сондай-ақ, тұтану құлпының болмауы айдап әкетушіге көлікке қажетті кілтті таңдауға мүмкіндік туғызбайды.

«Қозғалтқышты автокөлік иесінің саусақ іздерін пайдалану арқылы іске қосу жоғарыда айтылған мәселелердің барлығын шешеді. Машинаны ұрлап әкету барысында дабылқаққыш ойнайды, сонымен қатар, тұтану құлпының жоқтығы көлік иесін балалардың былығынан құтқарады. Аталмыш жүйе алдын ала сақталған саусақ іздері арқылы оңай қондырылады»,- дейді жоба жетекшілері Көкшетау қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Лаура Шегирова мен арнайы техника инженері Eвгений Фомичев.

Қазіргі таңда, ұрлауға қарсы жүйенің моделі жасалған. Асылхан жетекшілерімен бірге болашақта жобасын автокөліктерде іске асыруды жоспарлап отыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика