spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Көкшетауда еңбек әулеттері мен үлгілі отбасылар марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін халықаралық отбасы күні қарсаңында Көкшетаудағы «Неке» сарайында  облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова өңірдегі бірқатар үлгілі отбасыларға марапат сыйлықтарын табыстады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

 Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ, фото Жаһангер МУКАНБЕТОВ

 Аталған іс – шара отбасы институтын нығайтып, отбасылық құндылықтар мен үлгілі тұлғалардың жағымды имиджін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Салтанатты шарада марапатталғандардың бірі көпбалалы Шотбектер әулеті.

Осыдан 15 жыл бұрын шаңырақ құрған Жарас Қалдаров пен Сайран Қүлшықова бүгінде алты бала тәрбиелеп отыр.

«Ата-ана ретінде біздің міндетіміз балаларымызға асыл қасиеттерді сіңіріп, олардың ой-пікіріне қолдау көрсету. Жарым екеуміз балаларға үлкендерге құрмет, парасаттылық, шынайылық, еңбексүйгіштік сияқты құнды қасиеттерді дарытуға тырысамыз,- дейді отағасы.

Жарас Қалдаров Көкше өңіріне танымал өнер иесі. Ол Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында қызмет етіп келеді. Театр және кино актері өнер әлеміне режиссер ретінде де өз қолтаңбасын қалдыруда.

Отанасы Сайран Құлшықова Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінде домбыра үйірмесінің оқытушысы. Қазіргі уақытта сәби күтіміне байланысты декреттік демалыста.

Өнерді пір тұтқан отбасы бүгінгі шараға ұлдары Олжас Шотбек пен жақында дүние есігін ашқан кішкентай бөбектерін ала келіпті.

Көкшетау қаласы Әл-Фараби атындағы ІТ мектебінің 3-сынып оқушысы Олжас мектеп мақтанышы. «Жақсы адам», «Клоун не грусти», «Терапия» фильімдеріне түскен балақай өскенде ата-анасы сияқты өнер адамы болғысы келеді.

Аталған іс-шарада арнайы марапатқа лайық болып танылған тағы бір әулет Құдабаевтар жанұясы. Бұл әулеттің жалпы шәкірт тәрбиелеудегі еңбек өтілі 348 жылды құрайды.

Әулеттің үлкені Қажыбай Құдабайұлы алғаш қазақ  жерінде бала оқытып, ағартушылықпен айналысқан ұстаздардың бірі еді. Ол 1939 жылы қазіргі Зеренді ауданының Жолдыбай ауылында алғаш жеті жылдық мектеп ашты.

Жары Майнұр Ахметжанқызы 1939-1977 жылдар аралығында Кеңөткел ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.

Бар ғұмырын  ағартушылыққа арнаған ардақты ұстаздар он бала тәриелеп өсірді.

Қыздары Манар Қажыбайқызы көп жылдар бойы Көкшетау қаласында ұстаздықпен айналысып, мектеп директоры қызметтерін атқарды.

Аталған іс-шараға арнайы шақыртылып, марапатталған дәрігерлер отбасы Родин әулеті.

Анатолий Григорьевич пен Лидия Яковлевна көп жылдардан бері денсаулық сақтау саласында еңбек еткен ақ халатты абзал жандар.

Қыздары Лариса Анатольевна Қарағандыдағы медицина иниститутын бітірген соң облыстық балалар ауруханасында анестезиолог-реаниматолог болып қызмет етеді.

Лидия жоғары білікті дәрігер. Ол «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісінің иегері.

Сонымен қатар салтанатты іс шарада отыз жыл отасқан Қалианұровтар отбасы, теміржолшылар Қасеновтар және жүргізушілер Агеевтер отбасы марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Естеріңізге сала кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1993 жылғы 15 мамырды Халықаралық Отбасы күні деп жариялады. Бұл мереке қоғамның назарын отбасының негізгі проблемаларына аудару мақсатында жыл сайын бүкіл әлемде атап өтіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img