spot_img
Жексенбі, Маусым 28, 2026
16.9 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын жақсы бағалады.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастыққа және биылғы 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысына баса мән берілді.

Бұдан бөлек, тараптар екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі табысты жұмыстарын атап өтті. Бұл бағытта қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика