spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Бас санитар «Спутник-V» және QazVac вакциналарының айырмашылығын түсіндірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина Спутник-V және QazVac вакциналарының айырмашылығын түсіндірді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.  

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

QazVac -COVID-19-ға қарсы вакцинасын еліміздің биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты шығарған.

QazVac  вакцинасының иммундау процесі Спутник-V-мен бірдей, айырмашылығы сол бір ампула бір адамға арналған, ал спутниктің бір ампуласында 5 доза бар. Оны жеткізу процесі күрделірек. Ал, бұл вакцинаны тасымалдағанда тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейді, плюс 2-8 градус температурада тасымалданады және мұздатуды қажет етпейді,-деп түсіндірді Айнагүл Мусина  брифинг барысында.

Бас санитар дәрігер аталған вакцинаның тазартылғанын және  оны адам организмі жеңіл қабылдайтынын атап өтті.

QazVac препаратымен Спутник -V вакцинациясы ұқсас, адам егу пунктіне келіп, дәрігердің қарауынан өтіп, сауалнаманы толтыруы керек, содан кейін вакцина инъекциясын ала алады. Екінші дозаны 21 күннен кейін алуға болады. Бірінші және екінші дозаның да Спутниктен айырмашылығы жоқ,-деді ол.

Ескере кететін бір жайт, тұрғындар QazVac  және Спутник -V вакциналарынан таңдау жасай алады. Кім қандай вакцина түрін таңдаса, ол әркімнің өз еркінде.

Вакцина алған кезде күтілетін жергілікті реакциялар болуы мүмкін, яғни инъекция орнында терінің ауыруы, ісінуі және қызаруы мүмкін, сондай-ақ ағзаның дімкәстік, шаршағыштық, ауырсыну және дене температурасының жоғарылауы сияқты жалпы реакциялары пайда болуы мүмкін. Бұл көріністердің ұзақтығы, әдетте, үш күннен аспайды. Препараттың жеке компоненттеріне аллергиясы бар адамдар үшін қарсы көрсетілімдер бар. Сондай-ақ, жұқпалы аурулары бар, безгегі бар адамдар үшін уақытша қарсы көрсетілімдер бар,-деді өңірдің бас санитар дәрігері брифинг барысында.

Сонымен қатар, бұл вакциналар 18-ге толмағандарға ұсынылмайды, себебі ондай тұлғаларға әсер ету жағдайы әлі зерттелмеген.

Еске сала кетсек, Қазақстанда ағымдағы жылдың 26 сәуірінен бастап отандық QazVac вакцинасын қолдану арқылы егу науқаны басталды, облысқа 2000 доза мөлшерінде вакцина келіп түсті.

Ал, 27-сәуірде Қарағанды фармацевтикалық комбинатының «Спутник-V» вакцинасының 30900 дозасы жеткізілді.

Бұған дейін келіп түскен вакциналардың бірінші компонентімен 25 886 адам егілді, екінші компонентті 6910 адам алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img