spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер бейсенбі, яғни 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Қазақстан солтүстік жартысы антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы мүмкін», –  дейді синоптиктер.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с жетеді, Жамбыл облысында түнде көктайғақ болады.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика