spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

«Ұяда не көрсең…»: Құрсаубаевтар әулетінің «Тыныс» зауытында 70 жылдан астам қолтаңбасы бар

Сондай-ақ...оқыңыз

«Тыныс» акционерлік қоғамы Ақмола облысының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі болып табылады. Зауытта көптеген еңбек әулеттері жұмыс істейді. Солардың бірі – Құрсубаевтар отбасы. Кәсіпорнында олар 70 жылдан астам еңбек етеді. Отбасы зауыттың нағыз патриоттары. Қазіргі таңда зауытта отбасының үшінші буыны жұмыс істейді.

«Тыныс» АҚ 1959 жылы құрылған , бұрын КСРО Авиация өнеркәсібі Министрлігіне кіретін қышқыл-тыныс алу аппаратурасының зауыты ретінде танымал болған. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы – азаматтық және әскери ұшақтар мен Ресейлік тікұшақтарға (жылытқыштар, желдеткіштер, авиациялық өрт сөндіргіштер, релелер, датчиктер, клапандар, электрондық басқару блоктары) арналған авиациялық техника мен авиациялық автоматика құралдарына арналған тораптар мен агрегаттар өндіріледі.

Аналары – Құрсубаева Жұмазия Мұқышқызы 1944 жылы туған, сол зауытта 20 жылдан астам жұмыс істеген (1962 жылдан 1986 жылға дейін). Токарлық-револьверлік учаскеде токарь – револьверші болып, кейін 1980 жылы токарлық – револьверлік учаскенің шебері болып ауыстырылды. Авиация өнеркәсібі министрлігі мен кәсіподақ Орталық Комитетінің қаулысымен 1973 жылы «Победитель социалистического соревнования», 1975 жылы «Ударник девятой пятилетки» төсбелгілерімен марапатталған.

Ұлы Руслан Құрсубаев авиациялық бұйымдарды құрастыру учаскесінде жұмыс істейді, сонымен қатар  «Көкшетау 4П» өкпені жасанды желдету аппаратын өндіреді.

Жұбайы Жанат Ақайқызы жыл сайын Қазақстан Республикасының күштік құрылымдары үшін амуниция тігу жөніндегі мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға қатысты. Екі жыл бұрын зейнетке шықты. Курсубаевтар отбасы екі ұл тәрбиелеп өсірді, олар ата-аналарының ізімен жүріп, зауытта еңбек етуде.

Үлкен ұлдары Асқар Көкшетау қаласының жоғары техникалық мектебін (ЖТМ) машина жасау мамандығы бойынша, жоғары білімді А.Мырзахметов атындағы университетті, ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген. Асқар зауытқа 2015 жылы әкесі жұмыс істейтін цехқа түсті. Кенже ұлдары Айдар зауытқа 2015 жылдың қазан айында № 8 цехқа бөлшекті тазалаушы болып түскен . Қазіргі уақытта Айдар әкесі мен ағасы жұмыс істейтін цехқа ауысты.

Құрсубаевтар отбасы өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарайды. Ағайындылар зауыттың қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

 Айгүл Үстембек,

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру»

өңірлік жобалық кеңсесінің маманы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img