spot_img
Сенбі, Қыркүйек 26, 2026
13.2 C
Kokshetau

Ақмола облысы «қызыл» аймаққа өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда «қызыл» аймаққа жеткен өңірлердің қатары жетеуге жеткенін айтты.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 6 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда «қызыл» аймақта 7 өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары.

Министрдің айтуынша, Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы «сары» аймақта болса, қалған 8 өңір «жасыл» аймақта орналасқан.

«Наурызда ақпанмен салыстырғанда науқастардың өсімі 30 пайызға артқанын атап өткім келеді. Мәселен, тәулігіне коронавирус жұқтырған жағдай 1 800-ге дейін тіркеліп отыр. Сәуірдің 5 күнінің ішінде 9 983 жағдай, тәулігіне 2 мыңнан астам науқас тіркелуде», – деді министр Үкімет отырысында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын. Қайырымдылық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика