spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
11.5 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының жүлдегерлері атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

7-10 сыныптарда оқитын 10 оқушы «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумында Ақмола облысының намысын қорғады,-деп хабарлайды облыстық білім басқармасы. 

Байқау болашақ мамандықты табысты таңдау үшін, еңбек нарығында, Қазақстанның болашақ экономикасында талап етілетін және қажетті болашақ мамандықты зерделеуге шығармашылық тәсілді жандандыруға, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық-маңызды кәсіптік бағдар беру қызметіне тартуға ықпал етеді.


Балалар бірнеше номинация бойынша жарысты: «Осындай мамандық бар», «Мамандық таңдауға уақыт келді», «Мен – мамандықтар әлеміндемін» және «Мамандық кеше, бүгін, ертең».
«Осындай мамандық бар» номинациясында 3 орынды «Инженер-мехатроник деген мамандық бар» жұмысымен «BOLASHAQ saraiy» ШЖҚ МКК тәрбиеленушісі Буторин Андрей (жетекшісі Әсет Әбдіғаппаров), «There is a such profession Veterinarian» жұмысымен 2 орынды Егіндікөл а. Егіндікөл ауданы №2 ОМ оқушысы Эйхвальд Екатерина (жетекшісі Светлана Бутьковец) иеленді.

«Мен мамандықтар әлеміндемін» номинациясы бойынша Бурабай ауданы, Щучинск қ. №9 МГ оқушысы Батырбекова Шырын «Жақсы мамандық – өмірдің жарқын бастауы» жұмысымен 2 орынды иеленді.
«Осы байқау маған мамандық таңдау жағынан үлкен септігін тигізді. Нақты ұстаз боламын деген шешімге келдім. Конкурс ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін» – дейді Шырын Батырбекова, Щучинск қаласындағы №9 МГ 9 сынып оқушысы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img