spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

6 сәуірден бастап онлайн-сабақтар 30 минуттан болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде мектеп оқушыларына әрбір онлайн-сабақтар 30 минутқа дейін созылатын болды. Бүгінгі брифинг барысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Қазақстанда мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға әзірлік басталып, жұмыс тобы құрылды, – деп атап өтті министр.

«Біз министрлікте құрылған жобалық кеңседе ұсыныстарды ескере отырып, өз тұжырымдамамызды анықтадық. Контент ретінде телевизиялық сабақтар мен сандық ресурстар ұсынылады. Мұның бәрі педагогтар мен мұғалімдер үшін қосымша  ақпарат. Оқытудың қашықтан оқыту процесі әрбік мектептің кестесіне сәйкес ұйымдастырылатын болады. Сабақ уақыты 30 минутқа созылады, – деді брифинг барысында Дәурен Абаев.

«Балапан» және «Ел арна» телеарналарында 6 сәуірден бастап 1-11 сыныптарға арналған сабақтар жүргізілетіні хабарланды. Екі мыңнан астам роликтер түсіру жоспарланған, қазіргі уақытта екі жүзге тарта бейне ролик дайын болды, – деді министр.

Білім және ғылым министрі елімізде компьютер мен интернет барлық балада жоқ екені атап өтіп, бұл мәселе жекелей түрде шешілетінін хабарлады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img