spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
21.5 C
Kokshetau

Көкшетауда «Тыныс» зауыты коронавирусқа байланысты ЖВӨ аппараттары өндірісін ұлғайтты

Сондай-ақ...оқыңыз

«Тыныс» зауыты жасанды вентиляциялық өкпе аппараттары өндірісі қуатын арттыруды және оны айына 53 данаға дейін жеткізуді көдес отыр, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

«Көкшетау – 4» жасанды вентиляциялық өкпе аппараттары оттегін берудің жалпы жүйесіне қосылуға бейімджелген және автоматты түрде үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Аталған  аппараттың маңызды ерекшелігі ол электр қуатынсыз автономды режимде қызмет ету мүмкіндігі болып отыр.

-Елдегі коронавирус жағдайына байланысты зауыт ЖВӨ аппаратын өндіру қуатын екі еседен артық ұлғайтты. Қазіргі сәтте 53 аппаратты жинау жүзеге асырылуда. Аппаратты сәуір айында шығару күтілуде, – деді «Тыныс» акционерлік қоғамының бас директоры Қайрат Қалманбаев.

Жалпы зауыт өңірдің ауруханаларын жабдықтау үшін облыстың денсаулық сақтау саласына 77 комплект ұсынған. Кәсіпорын  өнім шығаруды ұлғайту мақсатында жергілігікте жерде жинау үшін Ресейден комплектілеуге қажет заттарға тапсырыс беріпті. Сонымен қатар зауыт өзінің бірқатар цехтарын  ЖВӨ аппараты өндірісіне қайта жабдықтауды қарастыруда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика