spot_img
Сенбі, Қараша 22, 2025
-4 C
Kokshetau

Ақмолада қар құрсауында қалған 257 адам эвакуацияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 23 наурыз күні қарлы боранның салдарынан жолда қалған 257 адам (оның ішінде 32 бала бар) эвакуацияланып, жылыту бекеттеріне жеткізілген.  Қар құрсауынан 8 адам құтқарылған, деп хабарлайды «Aqmola News».

Жол үстінде қалып қатты тоңып қалған адамдарды құтқару шаралары Аршалы және Ерейментау аудандарында жүргізілген.

«Биыл қарлы боранның шамадан тыс көп болуынан әрі көктайғақтың басталуынан облыс аумағында республикалық және облыстық маңызы бар бірқатар жол учаскелері жабылған. Дегенмен тұрғындар дауылды ескертулерді елең қылмай қарлы боранда жолға шығып кетіп, қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар, полиция және жол қызметшілерімен бірлесіп, адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді», – дейді Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылар облыс тұрғындарын «112» қызметінен SMS хабарламалар алған жағдайда елдімекендерден тысқары жерлерге шығып кетпеуді, сондай-ақ автожолдардың жабылған учаскелерінде көліктердің кептелісін туғызбауды өтінеді.

«Облыс тұрғындары кез-келген сәтте ауа райының өзгергені, жолдың жабылғаны туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасын жүктеп қадағалай алады. Онда барлығы уақытында жаңартылып тұрады. Сонымен қатар 1403 нөміріне хабарласып қажетті ақпараттарды алуға болады», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика