spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ұлттық киіммен жұмысқа: Ақмолалық мемлекеттік қызметкерлер ерекше челленджді қолға алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық мемлекеттік қызметкерлер Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше челлендж бастады. Қойылатын талап – күнделікті жұмысқа ұлттық нақыштағы ою өрнегі бар киім киіп келу, -деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Аталған челленджді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының қызметкерлері бастады.

Қазақ халқының ұлттық мейрамы Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған жарқын бастаманы облыстық «Көкше» телеарнасының ұжымы, Мәлік Ғабдуллин музейі мен «Әдебиет және өнер» музейі және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі қызметкерлері қабылдап алды.

Қазақ халқының Наурыз мейрамына, ұлттық киімдеріне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына жастардың құрметін арттыру мақсатында біз осы челленджді қолға алдық. Енді күнделікті жұмысқа осындай камзолмен, шапанмен келетін боламыз. Мұндай ұлттық нақыштағы киім кез келген қазақтың үйінен табылады деп ойлаймын,-дейді мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, челенджді қорытындылау уақыты 22 наурызға дейін.

Ақмола облысы “Рухани жаңғыру” өңірлік жобалық кеңсесі Ақмола облысы мәдениет , архивтер және құжаттамалар басқармасынан Наурыз мерекесіне орай ұлттық киіммен жұмысқа келу челленджін қабылдады. Осы бастаманы Ақмола облысы тілдерді оқыту орталығына жолдаймыз,-деп жазды «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Марал Жақыпова әлеуметтік желідегі парақшасына.

Аталмыш челленджге өңірдіің барлық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерін қатыстыру жоспарланған. Сонымен қатар кітапхана мен мәдениет үйлерінің ұжымы да ат салысады.

Апта соңына дейін аталмыш бастама Ақмола облысының барлық аудандарын қамтуға тиіс.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img