«Мұра қоры» америкалық зерттеу орталығының (Heritage Foundation) 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 20 позицияға жақсартып, 180 елдің арасында 39-шы орынға ие болды (2019 жылғы рейтингте 59-шы орын алған – ред.), деп хабарлайды primeminister.kz.
Heritage Foundation Қазақстанның 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсартқан 10 елдің бірі екенін атап өтті.
Оң серпін фискалдық тұрақтылық, меншік құқығын қорғау, мемлекеттік органдардың тиімділігі, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі, бизнес бостандығы, сауда еркіндігі, сот жүйесінің тиімділігі сияқты көрсеткіштер бойынша анықталады.
Тұрақты динамика инвестициялар және қаржы секторының еркіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша байқалды.
Айта кетерлігі, 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі рейтингінде Ресей Федерациясы 94-орынды, Өзбекстан Республикасы 114-орынды, Беларусь Республикасы 88-орынды, Қырғыз Республикасы 81-орынды иеленді.
Экономикалық еркіндік деңгейі ең жоғары 5 елдің қатарына Сингапур, Гонконг, Жаңа Зеландия, Австралия және Швейцария кірді.
«Мұра қоры» америкалық зерттеу орталығы жыл сайын әлем елдерінің экономикалық бостандығы туралы есеп шығарады. Экономикалық еркіндік индексі (Index of Economic Freedom) – тиісті рейтинг қалыптастыратын экономикалық еркіндік деңгейін бағалайтын біріктірілген көрсеткіш.