spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалық полицейлер мен еріктілер Елордаға айналма жолдарды тексеруде

Сондай-ақ...оқыңыз

Осы жылдың 22 наурызынан Нұр-Сұлтан қаласына кіру және шығуға толықтай шектеу қойылғаны белгілі. Алайда, аталған талапты орындаудан жалтарған жүргізушілер айналма жолдар арқылы қалаға кіруге тырысуда, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында полицейлер қосымша күш бөліп, негізгі жолдардан тыс айналма жолдар арқылы қалаға кіруге ұмтылғандарды бақылауға алды. Қазіргі уақытта қалаға кіретін жолдарды бақылауға мүмкіндік беретін топографиялық жерсеріктік карталар зерттеліп, аумақты бақылауға квадракоптерлер қолданылуда. Полиция департаменті басшылығының нұсқауымен карантин аймағына заңсыз өту фактілерін жедел анықтау үшін арнайы техникалар, жол талғамайтын автокөліктер қолданылуда, – деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар полицейлерге жақын елдімекендердің қарда жүретін көліктері бар ерікті азаматтар да қолұшын созуда.

Естеріңізге сала кетсек ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан 30 шақырым радиуста барлық бағыттарда 15 блок-бекеттер құрылып, онда тәулік бойына 100-ден астам полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

Полицейлер азаматтарды елдегі төтенше жағдай кезінде карантин режимі талаптарын бұзбай, құқық қорғаушыларының заңды талаптарына кедергі келтірмеуге өтінеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img