spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
5 C
Kokshetau

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерінің басшылары Айдар Әріпханов пен Ербол Қарашөкеев тапсыру актісіне және қосылу туралы шартқа қол қойды. Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ресми хабарлады.

Тапсыру актісі биыл 15 наурызда бекітіледі.

Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 52-тармағын орындау үшін «Бәйтерек» холдингі «ҚазАгро» холдингін қосу жолымен бірыңғай даму институтын құрады.

Компания жұмысын оңтайландыру үшін барлық қажетті корпоративтік шешімдер қабылданды, «ҚазАгро» холдингінің активтерін түгендеу жұмысы аяқталды.

Бұған дейін «ҚазАгро» мен «Бәйтеректің» біріктірілетіні, «ҚазАгроның» бұрынғы басшысы 10 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көрінбейтін майданның қаһармандары: Ақмола облысында ТКШ қызметкерлері күні аталып өтуде

16 сәуір – күнделікті өмірімізді жайлы әрі тұрақты ететін, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін жандарды еске алатын ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика