spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

2020 жылы Қазақстанда 400 мыңнан астам бала дүниеге келді

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылы Қазақстанда 400 мыңнан астам бала дүниеге келді, деп хабарлайды «Aqmola News» Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы алдын ала деректер бойынша, елімізде 425,6 мың нәресте дүниеге келді. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6 мың адамға немесе 5,6 пайызға және 1987 жылмен салыстырғанда 8,5 мың адамға немесе 2 пайызға (туғандар саны бойынша алдыңғы рекорд 417,1 мың адам болған) көп.

2020 жылдың 12 айында қалалық жерлерде туғандар саны – 248,7 мың адам немесе 58,4 пайыз, ауылдық жерлерде 176,9 мың адам немесе 41,6 пайыз болды. Дүниеге келген сәбилердің жартысынан көбі еліміздің 6 облысында, атап айтқанда, Түркістан (14,4%), Алматы облыстарында (12,7%), Алматы (8,3%), Шымкент (7,4%), Нұр-Сұлтан (7%) қалаларында және Жамбыл облысында (6,9%) тіркелген.

Тегтер:  
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img