spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолада көлік ішінде қатып қала жаздаған ер адам құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада көлігінің ішінде отырып қатып қала жаздаған адамды төтенше жағдай қызметкерлері құтқарып қалды. Ол қалың қар құрсауында қалып, көлік ішінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды «Aqmola News».
Оқиға 25 ақпан күні болған. Құтқарушылардың көмегі қажет болғаны туралы хабар таңғы он бірде «112» нөмірімен хабарланған. Арада 20 минут өткенде жеткен төтенше жағдай құтқарушылары оқиға орнына келіп жетіпті.

«1980 жылы туған ер адам жеңіл көлігімен Елордадан Осакаров ауданына бара жатып, қар құрсауына тап болған. Үш сағат бойы қалың қардан шығуға әрекеттенген жігіт қанша тырмысса шыға алмаған. Қатты аяздан әбден әлсіреген соң құтқарушыларды көмекке шақыруға мәжбүр болыпты, – дейді Аршалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Марлен Бабаев.

Құтқарушылар әбден мұздаған ер адамды Аршалы аудандық ауруханасына жеткізіп, жол қызметі көлікке эвакуация жасаған. Қазіргі таңда ер адамның жағдайы бір қалыпты.
Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысында 22 ақпаннан бері ауа райы күрт бұзылып, ақтүтек боран мен қатты аяз көтерілген. Облыс аумағындағы республикалық және облыстық маңызға ие автожолдардың 20 учаскесі жабылған.
Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жолдар жабылғаны туралы СМС хабарлама алған жағдайда жолға шықпауды сұрайды.

«Жолдың жабылуы немесе ауа райы туралы ақпаратты «Дәрмен» қосымшасын жүктеп, немесе 1403 нөмірі бойынша біле аласыздар», – деп толықтырды төтенше жағдайлар департаментінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img