spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында вакцинаның екінші компонентін алу басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

23 ақпанда елімізде вакциналаудың екінші кезеңі  басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов, вакцинаның екінші дозасын алды. Оның айтуынша бұл жолғы вакцина отандық өнім,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі. 

Бүгін № 1 Көкшетау қалалық емханасында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов вакцинаның екінші дозасын алды.

«Алғашқы вакцина 1 ақпанда алынды. Біз оны жақсы өткіздік. Ағзадан көрінетін бұзылулар мен шағымдар болған жоқ. Қазір вакцинацияның екінші кезеңін алу үшін келдік. Денсаулық жағдайым жақсы, қысым – 120/80, температура – 36,6», – деді Нариман Сыздықов сұқбат кезінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, вакциналау СOVID-19-ды жеңудің бірден бір жолы.

«Мен барлық азаматтарды, әріптестерді вакцинаны алуға шақырамын. Аз ғана қалды. Бұл коронавирустық инфекцияны жеңудің бір жолы», – дейді Сыздықов.

 

Қарағанды фармацевтикалық зауыты өндірген вакцинаның екінші дозасын бірінші этапта алғандар алады.

Айырмашылығы тек атауларында ғана», – деп сендірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов.

Әрбір құтыда бес адамға арналған доза бар. Бүгінгі таңда вакцинацияның бірінші кезеңінен 1 300 медицина қызметкері өтті. Кезеңдер арасындағы интервал – үш аптаны құрайды.

«Кеше вакцинаның екінші компонентін 120 медицина қызметкері алды. Бүгінде-60-қа жуық. Тағы 1 300 дозаны алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, екінші кезеңнің бірінші компонентін егу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жолы вакциналауға педагогтар, күш құрылымдары қосылады. Екінші кезең аяқталғаннан кейін вакцинаны өз қалауларына байланысты барлық тұрғындар алады», – деп атап өтті Сыздықов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img