spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Америка коронавирустан қаза болғандарды 5 күн аза тұтады

Сондай-ақ...оқыңыз

АҚШ-тың федералды және әскери нысандарында мемлекеттік ту төмен түсірілетін болады. Коронавирустан қайтыс болғандарға құрмет білдіру мақсатын тұтқан шара 5 күнге жалғасады. Мұндай тапсырманы ел Президенті Джо Байден берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Америка дауысы» агенттігіне сілтеме жасап.

22 ақпан күні кешке Джо Байден коронавирус індетінен көз жұмған Американың 500 мың халқын 1 минут үнсіздікпен еске алып, отандастарын әлдебір түсініспеушіліктерді кейінге қалдырып, пандемиямен бірлесіп күресуге шақырды.

«Бүгін бізде өте қаралы, жанға батарлық кезең – 500 071 адам қайтыс болды. Пандемияның бір жылында ажал құшқан америкалықтар саны Бірінші дүниежүзілік соғысты, Екінші дүниежүзілік соғысты және Вьетнам соғысын қоса алғандағы санға қарағанда – көп», – деді ол.

Президент сөз сөйлегеннен кейін вице-президент Камала Харис, бірінші ханым Джилл Байден және екінші джентльмен Даг Эмхофф Ақүйде бір минут үнсіздікте болды.

Ақүйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәліметінше, АҚШ басшысы алдағы 5 күнде федералды және әскери нысандарда мемлекеттік ту түсірілген күйі тұруын тапсырды. Джо Байден америкалықтарды пандемиямен күресте қырағы болуға, маска тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және өзінің кезегі жеткенде вакцина салдыруға үндеді.

Айта кетейік, әлемде коронавирустан болған өлім-жітім санының 19 пайызға жуығы Америка құрама Штаттарына тиесілі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img