spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ұлттық банк төрағасы инфляция жоғары өңірлерді атады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандағы инфляция деңгейі жоғары өңірлер белгілі болды. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында жылдық инфляция қаңтарда 7,4 пайызға дейін баяулағанын хабарлады.

Азық-түлік инфляциясы жалпы бағаның өсуіне көп әсер етуде. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі 11,3 пайыздан (2020 жылғы желтоқсан) 11,4 пайызға (2021 жылғы қаңтар) дейін артты.

«Өңірлер бойынша инфляцияда елеулі сәйкессіздіктер кездесуде. Жалпы, республика бойынша 11,4% деңгейінде болғанда 12%-дан жоғары азық-түлік инфляциясы Қарағанды облысында (12,7%), Атырау облысында (12,2%), Павлодар облысында (12,1%) тіркелді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция бойынша елде 5,3% болғанда Маңғыстау облысы 6,9%-пен алдыңғы қатарға шықты», – деді Досаев.

Ұлттық банк төрағасы азық-түлік инфляциясының жеделдеуіне байланысты Үкімет пен әкімдіктер аса «сезімтал» тамақ өнімдері – өсімдік майы, қант, жұмыртқа бағасының өсуіне ерекше назар аударуы қажет екенін айтты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img