Ақмолалық жазасын өтеуші-колледж студенттері емтиханға әзірлік шеңберінде өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Краснояр селосындағы «Агротехникалық колледж» мекемесінде оқитын Гранитный селосы ЕЦ-166/25 түзеу мекемесіндегі сотталушылар ашық сабаққа қатысты, деп хабарлайды «Aqmola News».
Аталған колледже жыл сайын жүзден астам адам қабылданады. Мұнда сотталушылар автослесарь, газэлектр дәнекерлеуші, тігінші, аспаз, тас қалаушы сияқты жұмысшы мамандықтарын меңгереді. Солардың ішінде «аспаз» мамандығына сұраныс жоғарылаған.
«Аспаз» кәсібі әлемдегі ең ежелгі мамандықтардың бірі. Қазіргі таңда да аса жоғары сұранысқа ие. Бұл кәсіп қызықты әрі болашағы зор, – дейді өндірістік оқыту шебері Диляра Меңдібаева.
Мол тәжірибе жинақтаған өндіріс шебері өзінің бар білгенін шәкірттеріне үйретіп келеді. Студенттер сабаққа бар ынта-жігерімен қатысып, теориялық біліммен қоса міндетті тәжірибелік сағаттарда тамақ істеп, сондай-ақ оны көркемдеу тәсілдерін де меңгеруде. Сонымен қатар оқыту жоспарымен мәзір мен технологиялық карталар әзірлеу, шикізаттың қажетті көлемін есептеу қарастырылған. Мұнда экономика негіздерін, тамақтану физиологиясы, ас үй жабдықтарын дұрыс пайдалану және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес азық-түліктерді сақтауды білмей игеру мүмкін емес.
Оқу аяқталғаннан кейін сотталушы-студенттер мемлекеттік үлгідегі диплом алып, ол кәдімгіден еш айырмашылығы болмайды.
«Мен бала кезімнен тамақ істеп үйренуді және аспаз болуды армандадым. Тағдырымнан опық жеп бас бостандығымнан айырылдым. Бірақ өз арманымнан қол үзбеуге тырысып, колледжге түсіп, кәсіп меңгердім. Енді мен бостандыққа шыққан соң өзімнің сүйікті ісіммен айналысқым келеді», – дейді Дәурен есімді сотталушы.