spot_img
Сенбі, Қазан 5, 2024
19.2 C
Kokshetau

«Ақжанның ақ жолы» кітабының тұсаукесері өтті

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облыстық сотында Ақжан Ештайды еске алу құрметіне «Ақжанның ақ жолы» кітабінің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кітап судьяның 60-жылдық мерейтойына арналды.
Онлайн тәртібінде өткен тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі Нұрлан Қалқа, Ақжан Ештайдың жұбайы мен балалары, сот жүйесінің ардагерлері, Ақмола облысының еңбек адагерлері мен ақсақалдары, республиканың бірқатар облыстық және аудандық соттарының төрағалары мен судьялары, Ақмола облысының судьялары, БАҚ өкілдері қатысты.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір жұртшылыққа Ақжан Ештай туралы кітапты таныстырып, көрермендерге естелік бейнефильм көрсетілді. Кітап электрондық форматында да ұсынылыпты.
Кітап үш бөлімнен тұрады. Бұл кітапта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттарының төрағасы Ақжан Жайлауханұлы Ештайды еске алу мақсатында, әріптестер мен жолдастардың естелік жазба хаттары, Ақжан Ештайдың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, жиындарда сөйлеген сөздері, баяндамалар мен фотосуреттерден жиналған материалдар топтастырылып, жарияланған.
Кітап Қазақстан Республикасы судьялар қауымдастығы, заңгерлерге, жас мамандарға, Ақжан Ештайды танитын азаматтарға, сондай-ақ, жалпы көпшілік оқырманға арналыпты.
Кітаптың тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеп, Досжан Әмір Ақжан Ештайдың өмірі мен еңбек жолы туралы жастар судьяларға үлгі ретінде айтып, сот жүйесіндегі жетіктіктері және сот органдарының беделін арттыру ісіне оның елеулі үлесі жөнінде және Ақмола облыстық соты төрағасының лауазымында 2009-2013 жылдар аралығында қызмет еткен еңбегін атап өтті.
«Ақжан Жайлауханұлы жоғары тәжірибелі судья, жақсы ұйымдастырушы және жастарға тәлімгер болды. Ол өзінің сүйікті мамандығы – сот төрелігіне әділдікпен және адалдықпен қызмет етіп, жастармен кездесуге әрдайым уақыт бөліп, салауатты өмір салтын ұстанып, футбол, волейбол спорт ойындарын ерекше ұнатты. Ақмола облысының соттары соңғы 3 жылда Ақжан Жайлауханұлын еске алуға арналған, оның туған күні қарсаңында судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері арасында спартакиада өткізеді. Бұл дәстүрге айналған., – дейді Досжан Әмір.
Тұсаукесер рәсімінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі Нұрлан Қалқа, Ақжан Ештайдың жұбайы мен балалары, еңбек ардагері және ақсақал Шияп Әлиев, отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов, «Көкше Media» ЖШС-нің директоры Жалғасбек Сүлейменов, судьялар мен сот жүйесінің ардагерлері сөз сөйлеп, жеке кездесулер мен бірге қызмет еткен еңбек жолдары туралы естеліктерімен бөлісті.
Ақжан Ештайды еске алу құрметіне облыстық сот баннер шығарып, кітап көрмесін ұйымдастырды және ол туралы бейнеролик көрсетілді.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img