spot_img
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
32.2 C
Kokshetau

Ақмолалық құтқарушылар ресейлік қаза тапқан әріптестерін еске алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің 197 өрт сөндірушілері мен құтқарушылары Ресей Федерациясының Красноярск қаласында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан жауынгерлерді үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмолалық өрт сөндірушілер сержант Максим Рябцев, аға прапорщиктер Алексей Пузырев пен Анатолий Жалнерчиктің жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


Естеріңізге сала кетсек, 3 ақпан күні Ресей Федерациясының Краснояр өлкесінде автоқоймадан өрт шығып үш құтқарушы мен бір жұмысшы ажал құшқан. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше куәгерлердің жанып жатқан ғимаратта адамдар болуы мүмкін деген хабарламасынан кейін газды түтіннен құтқару қызметінің құтқарушылары іздеуге кіріскен.

Өрт аумағының 3,9 мың шаршы метрге дейін ұлғаюына байланысты ғимараттың шатыры құлап, үш өрт сөндірушімен байланыс үзілген. Соңғы сөйлесу кезінде жігіттер оларға ауа жетпей жатқанын хабарлаған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика