spot_img
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
32.2 C
Kokshetau

Еліміздің бес облысында қалың тұман түседі

Сондай-ақ...оқыңыз

Сәрсенбі, яғни 27 қаңтар күні еліміздің бес өңірінде қалың тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ал екі облыста көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

27 қаңтарда күндіз, 28-29 қаңтарда тәулік бойы Қызылорда облысында жел солтүстік шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

27 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

27 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман болады.

27 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болуы мүмкін.

27-29 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика