spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Кәсіпкерліктерден өз қызметкерлерінің деректерін ақпараттық жүйесіне енгізу сұралады

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2021 жылғы 25 қаңтарға дейін шағын және орта бизнес кәсіпкерлері жеңілдікті санаттарына жататын өз қызметкерлерінің деректерін (ЖСН) msb.fms.kz сілтемесі бойынша «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізулері тиіс екенін еске салады. Уақытылы енгізілмеген жағдайда, қызметкерлер сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты МӘМС жүйесінде медициналық көмекке жүгіне алмайды.

Соңғы деректер бойынша барлық ШОБ субъектілерінің 35%-ы – бұл 378 мыңның 132 мыңнан астамы – ақпараттық жүйеде өз деректерін әлі өзектендірмеген.

Бұл процедураны шағын және орта бизнес өкілдері тұрақты түрде есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жүргізуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы №721 Қаулысы шықты, құжатқа сәйкес жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдарды төлеуден 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылған болатын.

Пандемия кезінде «нөлдік мөлшерлемені» қолданған ШОБ тізіміне: сауда, көлік және техникалық қызмет көрсету, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана-қонақ үй ісі, ойын-сауық саласы, бағдарламалық қамтамасыз ету, фитнес және т. б. субъектілер кірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img