spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
7.2 C
Kokshetau

Ақмола өңірінде тұман, бұрқасын күтіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

22 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Шығыс және орталықта қар қатты жауатыны күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 30 м/с және одан асуы ықтимал,-делінген«Қазгидромет» РМК мәліметінде.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Желдің күші 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары күшеюі ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Желдің екпіні 25 м/с артады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Қызылорда, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Атырау облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ, Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика