spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
22.2 C
Kokshetau

Көкшетауда орталық алаңда екі жігіт бас шыршаны «суғарды»

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Абылай хан атындағы орталық алаңда тапа-тал түсте екі ер адам кіші дәретке отырды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұзақылық жасаған жігіттердің ерсі әрекеттерді жедел басқару орталығының бейнекамераларына түсіп қалған.

«Бүгін күндізгі шамамен 03:30 шамасында мониторинг жасау кезінде бейнекамералар жазбаларынан инспектор Абылай хан алаңында орналасқан мұз қалашығында екі жігіттің еш ойланбастан шыршаның қақ алдында тұрып, кіші дәрет жасағанын көріп қалды. Бірден оқиға орнына «Әскер-1» экипажы жолданды. Алаңға дереу жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 26 жастағы жігіттердің мас екенін анықтады, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Аталған заң бұзушылар Көкшетау қаласының полиция басқармасының әкімшілік ғимаратына жеткізілген. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 «Ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұзақылармен тәртіп сақшылары профилактикалық әңгіме өткізді, – деді полиция департаментінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика