spot_img
Жұма, Сәуір 18, 2025
-0.1 C
Kokshetau

Көкшетаулықтар қар күреу акциясын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының тұрғындары,белсенділері, еріктілері, блогерлері мен жастары «Туған қалаға көмектес!», «Қарды тазартуға көмектес!», «Кел, шәй ішейік!» акцияларын бастады. Мемлекеттік қызметкерлер де бұл шараларды қолдап, мекеме алдын қардан тазартуға шықты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Өткен тәулікте нормадан артық жауын-шашын түсті. Осыған байланысты, көлік пен жаяу жүргіншінің кедергісіз қозғалысы үшін Көкшетау қаласының коммуналдық қызметтері тәулік бойы қар тазалау жұмыстарын жүргізуде.

» Мұның бәрі біздің қаламыздың біртұтас екенін және қиын сәттерде қала тұрғынының бірігетіндігін тағы бір рет көрсетеді. Өткен жылы біз адамдардың бір-біріне көмектесуге қалай асығып жатқанына бірнеше рет куә болдық. Қаланың шынайы патриоттары бұл жолы да шетте қалмады! Бірге болсақ, алынбайтын кедергі жоқ!»-дейді бастамашы топ белсенділері.

АОФ «Jas Otan» ЖҚ белсенділері де «Қарлы десант» акциясы аясында қарт адамдарға аулаларды қардан тазартуға көмек көрсетті.
Бұл акция жыл сайын өткізіледі және біз жыл сайын көмекке мұқтаж адамдарды көбірек қамтығымыз келеді????????Акция біздің облыс тұрғындары жалғастыратын игі дәстүрге айналады деп үміттенеміз,-дейді жасотандықтар.
Бұл шараға облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының ұжымы да шығып, қар күреді.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика