spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-31.1 C
Kokshetau

Элизабет Тұрсынбаева Бурабай көлінде биледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының намысын әлемдік ареналарда сәтті қорғап жүрген Элизабет Тұрсынбаева Бурабай көлінде мұз айдынында биледі. Ол өзінің орындауындағы биді Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Спортшы өзінің мұз айдынындағы биін Димаш Құдайбергеннің музыкасымен орындады.

Ол Бурабайға алғаш рет келгенін жазды.

«Мен осы ғажайып әдемілікті көріп қана қоймай, уақытымды тиімді өткіздім. Менің кішкентай арманым орындалды. Мен көл айдынында Димаш Құдайбергеннің маған қатты ұнайтын «Знай» мелодиясының ырғағымен би биледім. Соңғы уақытта ол менің есімнен шықпай қойды, – деп жазды Элизабет Тұрсынбаева.

Элизабет Тұрсынбаева қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың арасында тұңғыш рет ресми жарыстарда төрт мәрте секіріп билегенін атап өткен жөн. Ол 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаңтар – «Заң мен тәртіп» айы

«Адал азамат» бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң мен тәртіп» айы ретінде белгіленіп, өңірдегі білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелік іс-шаралар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика