spot_img
Сәрсенбі, Қыркүйек 2, 2026
5.8 C
Kokshetau

12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Сейсенбі, яғни 12 қаңтар күні күн суытып, еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, боран соғады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ болуы мүмкін.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде боран соғуы мүмкін.

Ақмола, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді, екпіні 30 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумағында жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 25 м/с жетеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Бизнеске 100 игі іс»: Ақмола облысында әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда

Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика