spot_img
Бейсенбі, Шілде 17, 2025
15.1 C
Kokshetau

Нұр-Сұлтанда он метрлік аққала салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан қаласындағы Көктал саябағында (Сарыарқа ауданы) ең үлкен аққала салынды. Оның биіктігі — 10 метр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жоба авторы — белгілі мүсінші-суретші, «Қазақ елі» монументінің авторы Сембіғали Смағұлов.

Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Әбдірахман Дәуленбаевтың айтуынша, алып аққаланың салынуына бюджет қаражаты бөлінбеген.

«Елорда әкімдігі мен Сарыарқа ауданы тұрғындарының ынтасы мен бірлескен күш-жігерінің арқасында ауданның да, қаланың да көрікті жеріне айналған Аққала пайда болды. Жоба авторы — белгілі мүсінші-суретші, «Қазақ елі» монументінің авторы Сембіғали Смағұлов», — деді Әбдірахман Дәуленбаев.

Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен аққала қаңқасыз жасалып шыққанын мәлім етті.

«Аққаланы салу кезінде белгілі бір қиындықтар болды, өйткені қатты аяздың салдарынан қар дұрыс жабыспай, құм сияқты шашылып жатты. Оның биіктігі — 10 метр, шарфының ұзындығы — 20 метр. Қалпақтың орамы — 5 метр», — деді Елнар Базыкен.

Елордада салынған аққала Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең үлкен деген атаққа үміткер болуы мүмкін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әділет салтанат құрсын десең, әр сөзіңе нотариус куә болсын

Жыл сайын 14 шілде күні Қазақстан Республикасында Нотариат күні атап өтіледі. Бұл күн – құқықтық жүйенің маңызды құрамдас бөлігі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика